Pinduoduo деген не?
Pinduoduo – Қытайдың электрондық коммерция компаниясы. Қарапайым тілмен айтқанда, Pinduoduo – көтерме және бөлшек саудаға арналған, бағалары Қазақстандағыдан әлдеқайда төмен интернет-дүкен.
Қазіргі уақытта дүкен пайдаланушылары үшін Қазақстанға жеткізудің екі түрі қолжетімді:
- Кейбір тауарларға тегін жеткізу. Бұл жағдайда тауар құнының 16%-ы мөлшерінде ҚҚС төленеді. Мұндай тауарларда көк түсті KZ немесе Free Shipping белгісі болады.
- Карго компаниялары арқылы ақылы жеткізу. Жеткізу ақысы жүктің салмағы мен көлеміне қарай есептеледі. Әзірге бұл тәсілде міндетті ҚҚС жоқ.
Кез келген жағдайда каргоның жеткізу құны мен ҚҚС-ты өзара салыстырып, өзіңізге тиімдірек әдісті таңдаған жөн.
Қосымшаның ішінде Қытайдан Қазақстанға тауар тасымалдайтын ресми тасымалдаушылар да бар. Олар «Қазпошта» және ҚР Үкіметімен серіктестікте жұмыс істейді. Бұл – YM Trans, JanaPost және 139Express.
Бұл – жаңартылған мақала, бірақ интерфейсі қытай тілінде болған ескі нұсқасын да сақтап қойдық. Оны мына сілтеме арқылы табуға болады.
1) Тіркелу
Алдымен қосымшаны жүктеп алыңыз. iPhone қолдансаңыз, оны App Store-дан орнатуға болады (мына сілтеме). Ал Android болса, қосымшаны мына сілтеме арқылы орната аласыз.
Маңызды: Android-қа арналған Pinduoduo қосымшасы Play Market-те жоқ, оны 2023 жылы дүкеннен алып тастаған. Жоғарыдағы сілтемені Pinduoduo-ның ресми сайтынан алдық. Өзіңіз де кіріп тексере аласыз: ортадағы QR-кодты пайдаланыңыз. Сондықтан Android қолдансаңыз, қосымшаны файл ретінде жүктеп алып, орнатуға рұқсат беруіңіз керек. Файл қауіпсіз: біз оны көптен бері қолданып келеміз. Бірақ күмәніңіз болса, Pinduoduo-ны тек iPhone арқылы пайдалануға болады.
Қосымшаның түрі осындай:
Pinduoduo-ны ашамыз:
1) Android-та алғаш іске қосқанда құпиялылық саясаты туралы түсіндірмесі бар терезе шығады. Жалғастыру үшін жасыл батырманы басыңыз.
2) Одан кейін қосымша кірудің бірнеше тәсілін ұсынады. Біз ең соңғысын – Continue with phone number, яғни «Телефон нөмірі арқылы жалғастыру» нұсқасын таңдаймыз.

3) Көбіне елдер тізімінде бірден Қазақстан тұрады. Егер олай болмаса, Kazakhstan – Қазақстан деп таңдаңыз.
4) Телефон нөміріңізді қайтадан +7 қоспай енгізіп, қызыл Continue – «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
5) Одан кейін кіру коды келеді. Біздің жағдайда оны қосымша WhatsApp арқылы жіберуді ұсынды. Код SMS арқылы да келуі мүмкін.
Кодты қосымшаға енгізіңіз. Осымен тіркелудің негізгі бөлігі аяқталады, енді басты мәзірге өтесіз. Құттықтаймыз, сіз тіркелдіңіз!

Ағылшын тілін және теңгемен көрсетілетін бағаны қалай қосуға болады?
Егер қосымша интерфейсі ең басында ағылшын тілінде емес, қытай тілінде ашылса, оны баптаулар арқылы оңай өзгертуге болады.
1) Басты бетте оң жақ төменгі бұрыштағы белгішені басыңыз. Бұл – жеке кабинетіңіз.
2) Одан кейін оң жақ жоғарғы бұрыштағы баптаулар белгішесін таңдаңыз
2) Одан кейін оң жақ жоғарғы бұрыштағы баптаулар белгішесін таңдаңыз
3) Ел, тіл және валюта баптауларын табыңыз. Глобус белгішесі бар 国家与地区/语言 жолын басыңыз.
Келесі экранда екі жолды өзгертеміз:
4) 语言 – тіл: English.
5) 币种 – валюта: KZT – тенге.
6) Таңдағаннан кейін қызыл түсті 确定 – «Растау» батырмасын басыңыз.
Келесі экранда екі жолды өзгертеміз:
4) 语言 – тіл: English.
5) 币种 – валюта: KZT – тенге.
6) Таңдағаннан кейін қызыл түсті 确定 – «Растау» батырмасын басыңыз.
Енді қосымшаның интерфейсі ағылшын тілінде болады, ал тауар карточкаларында шамамен есептелген теңге бағасы пайда болады. Дегенмен тауарлар лентасы мен кейбір бөлімдерде баға әзірге юаньмен – ¥ / CNY көрсетіледі.
Суреттердегі жазулар мен кейбір қытайша мәтіндер аударылмауы мүмкін. Қажет болса, скриншот жасап, оны Google немесе Яндекс аудармашысы арқылы аударыңыз.
2. Банк картасын қосамыз
Енді сатып алуға пайдаланатын банк картасын сақтаймыз. Төлем жасау үшін бірден Freedom картасын ашып, соны байлауға болады. Картаны ашқаныңыз үшін сізге 1000 теңге бонус беріледі, сонымен қатар әр тапсырыстан 6%-ға дейін кешбэк алуға болады. Картаны ашу нұсқаулығы.
Басты бетте оң жақ төменгі бұрыштағы You батырмасын басыңыз. Бұл – профиліңіз. Одан кейін Wallet – «Әмиян» бөлімін таңдаңыз.
Әмияннан Bank Cards – «Банк карталары» бөліміне өтіп, карта қосу батырмасын басыңыз да, карта нөмірін енгізіңіз.
Содан кейін карта иесінің деректерін толтырыңыз:
- 姓名 – аты-жөніңізді латын әріптерімен жазыңыз (картада көрсетілгендей).
- 有效期 – картаңыздың жарамдылық мерзімі.
- 安全码 CVV – картаның артқы жағындағы қауіпсіздік коды.
Осыдан кейін қызыл 下一步 – «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
Біздің скриншотта карта деректерін толтырғаннан кейін бірден «Әмиян» терезесі мен басты мәзірге қайту батырмасы көрсетілген. Ал шын мәнінде карта иесінің деректерін, жарамдылық мерзімін және CVV-кодты енгізгеннен кейін тағы бір терезе ашылады (төменде көрсетілген).
Бұл жерде біз алты таңбалы құпиясөз ойлап тауып, оны екі рет қайта енгіздік. ОНЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ: ол кейін төлемді растау үшін қажет болуы мүмкін. Дегенмен біз соңғы рет тапсырыс төлегенде, бұл құпиясөзді сұрамады.
Егер осыдан кейін карта нөмірін енгізетін терезе қайта шықса, демек картаңыз байланбады. Банк қосымшасынан картаңызға интернет арқылы төлем жасауға рұқсат беріп, жоғарыдағы әрекеттерді қайталап көріңіз. Немесе басқа картаны байлаңыз.
МАҢЫЗДЫ! Егер картаңыз қосымшаға байланбаса, географиялық шектеулерді алып тастаңыз. Ол үшін банк қосымшасында картаңызды ашып, «Шектер мен географиялық шектеулер» → «Географиялық шектеулер» бөліміне өтіңіз. Егер «Сатып алулар мен төлемдер» бағанында «Австралия және Азия» мен «Басқа елдер» өшірулі тұрса, осы елдерге белгі қойыңыз.
Сонымен қатар Pinduoduo-да Apple Pay арқылы төлеуге болады. Бұл батырма тапсырысты төлеу кезеңінде шығады. Бұл әдіс Apple Pay қолданғаны үшін қосымша кешбэк беретін карталармен (мысалы, Freedom) төлегенде өте ыңғайлы.
Pinduoduo-да кейбір тауарларды төлеген кезде қытайлық ID-ді енгізуді сұрайтын терезе шығуы мүмкін. Бұл мұндай тауарларды тек Қытай азаматтары ғана рәсімдей алатынын білдіреді. Көбіне мұндай шектеулер ББҚ-ларға, дәрі-дәрмекке, медициналық бұйымдарға және кейбір азық-түлік өнімдеріне қатысты болады.
Енді басты бетке ораламыз. Мұнда тауарларды іздеу жолағына мәтін немесе сурет енгізу арқылы іздеуге болады.
3. Іздеу жүйесін қалай пайдаланып, қажетті тауарды қалай табуға болады?
Мысал ретінде футбол добын іздеп көрейік.
1) Тауардың атауын іздеу өрісіне ағылшын тілінде енгізіңіз немесе аудармашы арқылы қытай тіліне аударып, көшіріп, Pinduoduo іздеу жолағына қойыңыз. Қытайша іздесеңіз, нәтиже көбірек шығады.
2) Қажетті заттың суреті болса, іздеу жолағының оң жағындағы камера белгішесін басып, суретті таңдаңыз.
Іздеуден кейін жолақтың астында сүзгілер панелі пайда болады:
3) Relevance – сәйкестік бойынша. Сұранысыңызға сәйкес келетін танымал тауарларды көрсетеді.
4) Sales – сатылым саны бойынша. Ең көп сатып алынған тауарларды көрсетеді.
5) Price – баға бойынша. Тауарларды бағасына қарай сұрыптауға болады. Жоғары немесе төмен бағытталған көрсеткіге байланысты бағалар арзандан қымбатқа немесе керісінше реттеледі.

6) Brand – бренд. Оның көмегімен брендтік тауарларды іздейміз.Көбіне қытайлық брендтер шығады, бірақ тауар түріне қарай басқа түпнұсқаларды да табуға болады. Негізі қытайлық брендтер де – брендтер. Сапалы тауарлар мен басқа да пайдалы тауар белгілері туралы төменде тағы айтамыз.
7) Filter – жалпы сүзгілер. Мұнда қосымша іздеу шарттарын қоюға болады.
7) Filter – жалпы сүзгілер. Мұнда қосымша іздеу шарттарын қоюға болады.
Мысалы, Filter → Price range (CNY) бөлімі арқылы дайын баға аралығын таңдауға немесе ең төменгі және ең жоғары бағаны қолмен енгізуге болады. Бұл сүзгіде баға қосымша баптауларында теңге таңдалғанның өзінде юаньмен көрсетіледі.
Қажетті параметрлерді орнатқаннан кейін Confirm – «Растау» батырмасын басыңыз. Reset – «Қалпына келтіру» батырмасы таңдалған шарттарды алып тастайды.
4. Тауар мен сатушының карточкасын қалай дұрыс оқу керек? Неге назар аудару қажет?
Іздеу жолағына қажетті сұранысты енгізгеннен кейін көптеген тауар көрсетілген бет ашылады. Дұрыс таңдау үшін алдымен осы нұсқаулықтың «3» бөліміндегі сүзгілерді қолдануға болады. Мысалы, Relevance – сәйкестік бойынша сұрыптауды таңдайық. Бірақ шыққан тауарлардың ішінен керегін қалай анықтаймыз?
Ең алдымен бағаға қараймыз. Тауарлар лентасында баға юаньмен көрсетіледі, ал тауар карточкасының ішінде теңгеге аударылады. Осы санға ағымдағы бағамды (мысалы, қазір 1 юань – 68 теңге) көбейтіп, теңгедегі бағасын аламыз (жеткізу немесе ҚҚС есепке алынбаған).
Енді белгілерді қарастырайық:
Іздеу кезінде және тауар карточкасының ішінде кездесетін бірнеше белгішені атап өттік:
- 百亿补贴 – бұл белгі Pinduoduo тексеруінен өткен сапалы тауарды білдіреді.
- 专卖店 – брендтің мамандандырылған дүкені.
- 旗舰店 / Flagship – өте жақсы белгі, брендтің флагмандық дүкен екенін көрсетеді.
- 品牌 – бренд белгісі. Жоғарыда айтқанымыздай, көбіне қытайлық брендтер болады. Бұл жаман емес, керісінше жақсы. Көптеген қытайлық брендтер ішкі нарыққа арнап өнім шығарады. Бұл тауардың сапасыз екенін білдірмейді.
- Authorized / Brand Authorized – брендтің ресми рұқсат берілген дүкенін білдіретін белгі.
- Authentic guaranteed / 10x back if fake – тауар түпнұсқа екеніне берілген кепілдік және жалған болып шықса, он есе өтемақы төленетіні туралы мәлімдеме. Бұл олардың бағдарламасының шарттарына байланысты.
- Сондай-ақ дүкеннің ішінде Store Qualifications бөлімін ашып, оның біліктілігі мен бренд тарапынан берілген рұқсаты туралы ақпаратты көруге болады.
Ал тауар суретіндегі танымал брендтің логотипі оның түпнұсқа екенін дәлелдемейді.
Кейде тауарларда түсініксіз белгілер де кездеседі – оларды науқандар кезінде қосады. «Жеңілдіктегі тауар» дегенді білдіреді. Белгінің өзі өзгеріп тұрады, себебі науқан атауы өзгереді.
Сондай-ақ сатылым санына назар аударыңыз. K – мың, M – миллион дегенді білдіреді. Бірақ санның жанындағы жазуды да міндетті түрде оқыңыз. Мысалы, items sold in our store – бұл таңдалған нақты тауардың емес, дүкеннің бүкіл сатылған тауар саны.
Әзірге қай карточканы ашу керегін түсіну үшін осы ақпарат жеткілікті.
Әзірге қай карточканы ашу керегін түсіну үшін осы ақпарат жеткілікті.
Енді тауар карточкасының іші мен сатушының дүкенін қарастырамыз
Мысал ретінде Double Star кроссовкаларын алайық.
1) 4581 Total Sold – сатылымның жалпы саны. Тауардың қаншалықты танымал екенін бағалауға көмектеседі.
2) 3K+ Positive Reviews – 3000-нан астам оң пікір бар. Пікірлердің өзін де ашып оқыған жөн. Ол туралы төменде айтамыз.
3) 108 Repeat Customers – тауарды қайта сатып алған 108 адам бар екенін көрсетеді.
4) Authenticity Insurance – тауардың түпнұсқалығын сақтандыру туралы белгі.
5) Shipping within 48 hours – сатушы тауарды 48 сағат ішінде жіберуі тиіс. Бұл – жөнелту мерзімі, Қазақстанға жеткізу уақыты емес.
6) Дүкен атауы жазылған жолды бассаңыз, сатушының парақшасына өтесіз.

Дүкеннің ішінен нені қараймыз?
7) Authorized / Flagship – брендтің рұқсаты бар екенін және дүкеннің флагмандық мәртебесін көрсететін белгілер.
8) 4-Yr Store – бұл дүкен Pinduoduo-да төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді.
9) 5M+ items sold storewide – бүкіл дүкенде жалпы бес миллионнан астам тауар сатылған. Бұл жалпы сан, тек сіз қарап отырған кроссовкалардың саны емес.
10) Store Qualifications – дүкеннің біліктілігі мен рұқсаты туралы ақпарат берілетін бөлім.

Бұл деректердің барлығы сатушыны бағалауға көмектеседі, бірақ нақты тауардың сапасына кепілдік бермейді. Сондықтан келесі қадамда суреті бар пікірлерді қараймыз.
5. Пікірлерді қараймыз
1) Тауар карточкасын Item Reviews – «Тауар туралы пікірлер» бөліміне дейін төмен жылжытып, See all – «Барлығын көру» батырмасын басыңыз.
Мұнда бірнеше сүзгі көмектеседі:
2) Picture — фотосуреттері бар пікірлер.
3) Video – бейнежазбалары бар пікірлер.
4) Latest – ең соңғы (жаңа) пікірлер.
5) Follow-up review – сатып алушылар бастапқы пікірінен кейін қалдырған қосымша пікірлері.

Ал жаман пікірлерді қалай табуға болады? Тегтер тізімін ашып, сын-пікірлерді іздеңіз.
Біздің мысалымызда сұр түсті Hard soles (6) тегі «Қатты табан» дегенді білдіреді. Оны бассаңыз, осы кемшілік туралы жазылған пікірлер ашылады.
Бұл барлық тауардағы жағымсыз пікірлерді көрсететін әмбебап батырма емес. Басқа тауарларда тегтер де өзгеше болады.

Жасалған талдау негізінде жақсы және нашар сатушыларды және олардың тауарларын анықтаймыз.
Тағы бірнеше белгі түрлерін есте сақтаңыз:
Сондай-ақ күлгін түсті белгілер тауардың түпнұсқалығына кепілдік берілетінін білдіреді. Скриншотта АҚШ-тан Гуанчжоуға дейінгі тікелей жеткізу бағыты көрсетілген. Яғни бұл – Қытайдың ішкі нарығына арналған түпнұсқа тауар жеткізілімі.
Осы жайттардың бәрін ескерсеңіз, сапалы тауар таңдап, қателеспейсіз.
6. Жеткізу мекенжайын жазып, алып кету бөлімшесін таңдаймыз
Бұрын барлық тапсырыстарды тек карго компаниялар ғана жеткізетін. 2026 жылдың қазан айынан бастап кейбір тауарларға қосымша 16% ҚҚС төлей отырып, тегін жеткізуді рәсімдеу мүмкіндігі қосылды.
Қазақстанға тікелей жеткізу қай кезде, және КАРГО арқылы жеткізу қай кезде тиімді?
1. Тікелей жеткізу (+16% ҚҚС): арзан әрі жеңіл тауарларға қолайлы. Мысалы, телефон қаптары, қорғаныш әйнектер, жейделер, ұсақ аксессуарлар және бағасы төмен электроника. Әлде керісінше, ауыр/көлемді тауарлар үшін карго құны ҚҚС төлегеннен қымбатырақ шығатын кездерде тиімді.
Мысалы: 1000₸ тұратын телефон қапшығына +160₸ ҚҚС қосылады. Сонда қапшықтың тегін жеткізумен бірге жалпы құны 1160₸ болады.
2. Карго арқылы жеткізу (шамамен $3,8/кг): бағасы қымбат, бірақ салмағы жеңіл немесе орташа тауарларға қолайлы. Мысалы, брендтік киім, аяқ киім, смарт-сағаттар, гаджеттер және шағын тұрмыстық техника.
Мысалы: бағасы 50 000₸, салмағы 1 кг кроссовканы тікелей жеткізгенде ҚҚС 8000₸ болады, ал карго шамамен 1900₸ тұрады.
Демек, арзан немесе ауыр әрі көлемді тауарларға көбіне тікелей жеткізу тиімді. Ал бағасы қымбат, бірақ салыстырмалы түрде жеңіл тауарларға карго тиімдірек. Тағы қандай тауарларға тапсырыс берген тиімдірек екенін осы нұсқаулықтың «9: Маңызды кеңестер» бөлімінде оқи аласыздар.
Жеткізуге қатысты тағы бір маңызды нәрсе: Қазақстанда пошта арқылы келетін тауарларға бір сәлемдеме үшін 200 еуро немесе 31 кг мөлшерінде кеденсіз әкелу шегі жұмыс істейді. Егер сатып алған затыңыз осы сомадан немесе салмақтан асып кетсе, айырмасы үшін 15% салық төлеу керек болады. Есептеу мысалы мына жерде.
Карго арқылы ақылы жеткізгенде бұл шектеуді әзірге тексермейді. Жазылушыларымыздың айтуынша, олар ешқандай қосымша төлемсіз үлкен сәлемдемелерге тапсырыс береді екен.
Мысалы, тегін жеткізілетін тауарға тапсырыс бергіңіз келсе:
1) Мекенжайлар бөлімін ашып, You профиліне кіріп, пайдаланушы атыңыздың астындағы Address батырмасын басыңыз. Егер мекенжай әлі қосылмаған болса, жаңасын енгізуді таңдаңыз.
2) Форманы толығымен толтырып, сақтаймыз.
2) Форманы толығымен толтырып, сақтаймыз.
Келесі қадамдарды таңдалған тауарды рәсімдеу бетінде орындаймыз.
3) Алып кету бөлімшесін таңдаймыз.
«Алып кету бөлімшесі» деген жолды ашыңыз. Мекенжайы мен жұмыс уақыты бойынша өзіңізге ыңғайлы бөлімшені таңдаңыз. Содан кейін төмендегі 确认自提点 – «Алып кету бөлімшесін растау» батырмасын басыңыз. Біздің скриншотта батырма бұлдыр болып тұр, себебі алып кету бөлімшесі әлі таңдалмаған.
4) Жеткізу тәсілін тексереміз.
Тапсырысты рәсімдеу бетіне қайта ораламыз. Біздің мысалда жерүсті жеткізілімі және «Өзі алып кету» тәсілі көрсетілген. Яғни сәлемдемені таңдалған алып кету бөлімшесінен алу керек.
5) Алып кету бөлімшесін және жеткізу құнын тексереміз.
Қажетті бөлімшенің сақталғанына көз жеткіземіз. Төмендегі «Жеткізу құны» жолын қараңыз. Біздің мысалда 0₸ көрсетілген, яғни жеткізу тегін.
Мұнда жеткізудің шамамен мерзімі де көрсетіледі: біріктірілген сәлемдеме жөнелтілгеннен кейін 11–20 жұмыс күні. Біріктірілген сәлемдеме дегеніміз – алдымен Қытайда бірнеше тапсырысыңыз бір сәлемдемеге біріктіріліп, содан кейін Қазақстанға жөнелтіледі.
6) Алушының ЖСН-ін енгіземіз.
Құжат белгішесі бар жол – ЖСН. Ол Қазақстанда кедендік рәсімдеуден өту үшін қажет.
7) ҚҚС қосылған жалпы соманы қараймыз.
VAT – ҚҚС және төмендегі Total – «Барлығы» жолдарына назар аударыңыз. Біздің мысалда тауар шамамен 96₸ тұрады, салық – 16₸, ал жалпы сома – 112₸.
«Барлығы» деген сомаға тағы 16% қосып есептеудің қажеті жоқ.
Мекенжайды, алып кету бөлімшесін және жалпы соманы тексердік – енді төлемге көшуге болады (осы мақаланың 7-бөлімі). Төлегеннен кейін тапсырысыңыздың мәртебесін қосымшадан бақылай аласыз немесе сәлемдеме бөлімшеге келгені туралы хабарламаны күтесіз.
Pinduoduo-да ақылы жеткізу үшін карго мекенжайын қалай қосуға болады?
Егер карго арқылы тапсырыс берсеңіз, алдымен оның Қытайдағы қоймасының мекенжайын қосу керек. Сатушы тауарыңызды сол жерге жібереді, ал карго компаниясы оны кейін Қазақстанға жеткізеді. Мысал ретінде Jańa Post компаниясын алайық.
Алдымен қойманың деректерін аламыз. Jańa Post қосымшасын ашып, басты беттегі «Қойма» бөлімін табамыз. Мұнда жеке ID нөміріңіз, Қытайдағы телефон нөмірі және мекенжай көрсетілген. Бұл деректер Pinduoduo-дағы форманы толтыру үшін қажет болады.
Мекенжай мен телефон нөмірін міндетті түрде өз карго қосымшаңыздан алыңыз: қойманың мекенжайы біздің мысалдағыдан өзгеше болуы мүмкін. Әр пайдаланушының ID нөмірі жеке болады. Карго компаниясы осы нөмір арқылы сәлемдеменің кімге тиесілі екенін анықтайды.
Басты мәзір → You → Address бөліміне өтіп, форманы төмендегі ретпен толтырамыз:

1) Қытайдағы мекенжайды қосамыз.
Беттің төменгі жағындағы Add delivery address in China – «Қытайдағы жеткізу мекенжайын қосу» батырмасын басамыз. Форма қытай тілінде ашылады, бірақ скриншотта әр жолға не жазу керегін көрсетіп қойдық.
2) 收货人 – алушы. Біздің Jańa Post мысалымызда бұл жерге карго қосымшасындағы жеке ID нөміріңізді енгізесіз. Әріптері мен сандарын қоса, толық көшіріңіз.
3) 手机号 – телефон нөмірі. Карго қосымшасында көрсетілген Қытайдағы қойманың телефон нөмірін енгізіңіз.
4) 地区 – өңір. Осы жолды басып, қойма орналасқан провинцияны, қаланы және ауданды ретімен таңдаймыз.
Біздің мысалда: 浙江省 – Чжэцзян → 杭州市 – Ханчжоу → 上城区 – Шанчэн.
5) 详细地址 – толық мекенжай. Карго қосымшасындағы қойма мекенжайының қалған бөлігін көшіріп енгізіңіз. Біздің мысалдағы Jańa Post мекенжайының соңында да жеке ID көрсетілген.
ID нөмірін өшірмеңіз және оның алушы өрісіне енгізілген нөмірмен бірдей екенін тексеріңіз. Карго компаниясы сәлемдеменің кімге тиесілі екенін осы ID арқылы анықтайды. Скриншоттарда біз оны жасырып қойдық, бірақ өз формаңызда міндетті түрде қалдырыңыз.
6) Сақтаймыз.

Бізде мынадай нәтиже шықты:
1) Мекенжай сақталды.
2) Қаласаңыз, енді «Автоматты таңдау» батырмасын басуға болады. Сонда тапсырыс берген кезде карго мекенжайы әрдайым таңдалып тұрады. Карго мекенжайы мен тегін жеткізуге арналған мекенжайдың арасында да ауысып отыруға болады. Ал каргоның алып кету бөлімшесін тапсырысты рәсімдеу кезінде таңдайсыз. Оны қазірден бастап ойлап уайымдаудың қажеті жоқ.

Маңызды: барлық карго компаниялары тауарды алып кету бөлімшесіне дейін жеткізеді, үйге жеткізу қызметі жоқ. Карго жеткізу мерзімін тапсырыс төленген күннен емес, Қытайдан Қазақстанға жөнелтілген күннен бастап есептейді. Себебі сәлемдемені жөнелтпес бұрын карго компаниясы алдымен Қытайдағы сатушыдан тауарды қабылдап алуы керек. Қытай үлкен ел болғандықтан, сатушыдан карго қоймасына дейін тауардың жетуіне 5–6 күнге дейін уақыт кетуі мүмкін.
Қосымша ақпарат: экранда неге осындай терезе пайда болды?
Pinduoduo-ны жай ғана қарап отырғанда осындай терезе шығуы мүмкін. Қосымша осылайша сіздің робот емес екеніңізді тексереді.
1) Қызыл батырманы басыңыз.
2) Содан кейін саусағыңызды экраннан алмай, пазл бөлігін қажетті ұяшықпен түйістіріп, сырғытыңыз.
1) Қызыл батырманы басыңыз.
2) Содан кейін саусағыңызды экраннан алмай, пазл бөлігін қажетті ұяшықпен түйістіріп, сырғытыңыз.
7.Тапсырысты төлейміз
Өзіңізге ұнаған кез келген тауарды таңдаңыз. Біз мысал ретінде жаңа жылдық әшекейлерді аламыз.
1) Оң жақ төменгі бұрыштағы бағасы жазылған қызыл батырманы басыңыз. Сипаттамаларды таңдау терезесі ашылады.
2) Жиынтықты таңдаңыз. Біздің мысалда 12, 24 немесе 36 данадан тұратын жиынтықтар бар. Таңдалған нұсқа қызыл жақтаумен белгіленеді.
3) Қалған параметрлерді тексеріңіз. Мұнда түсі, өлшемі және тағы басқа сипаттамалары болуы мүмкін.
4) Таңдалған нұсқаның бағасын қараңыз. Өлшемін немесе жиынтық құрамын өзгерткенде баға да өзгеруі мүмкін.
5) «−» және «+» батырмалары арқылы тауар санын көрсетіңіз. Біздің мысалда 36 данадан тұратын бір жиынтық таңдалған.
6) Төмендегі Buy Now батырмасында көрсетілген соманы тексеріп, тапсырысты рәсімдеуді жалғастырыңыз.
Назар аударыңыз: 524₸ – тауардың бағасы, ал 608₸ – біз таңдаған нұсқаның ҚҚС қосылған сомасы. Айырмашылық жиынтық құрамының өзгеруіне емес, салыққа байланысты.

Одан кейін тапсырысты рәсімдеу беті ашылады. Тегін жеткізу үшін Қазақстандағы сақталған мекенжайыңызды және сатып алған затыңызды алатын алып кету бөлімшесін таңдаңыз.
Егер карго арқылы ақылы жеткізуді таңдасаңыз, алдымен карго компаниясының Қытайдағы мекенжайын қосыңыз. Оны карго қосымшасынан көруге болады. Осы бетте өзіңізге ыңғайлы бөлімшені таңдаңыз.
!Келесі қадамдарға өтпес бұрын банк қосымшасында картаңыздың интернет-төлемдерге ашық тұрғанын тексеріңіз!
1) Картаны тексеріп, «Төлеу» батырмасын басамыз.
Credit/Debit Card – «Банк картасы» дегенді таңдаңыз. Біздің картамыз бұрыннан сақталған. Басқа картаны таңдау үшін 更换 – «Ауыстыру» батырмасын басыңыз.
Тауарды, санын және Total – «Барлығы» сомасын тексеріңіз. Біздің мысалда ҚҚС-ты қосқанда шамамен 608₸ көрсетілген.

Pinduoduo Visa және Mastercard карталарымен төлем жасағанда қызметтік комиссия алмайтынын көрсетеді. Дегенмен теңгемен көрсетілген сома – бағдарлық мән. Нақты шешілетін сома төлем валютасына және банктің конвертациялау шарттарына байланысты болады.
Pay now – «Қазір төлеу» батырмасын басыңыз. Егер қосымша немесе банк төлемді растауды сұраса, нұсқауларды орындаңыз. Картаны тіркеген кезде ойлап тапқан алты таңбалы құпиясөзді бұл жолы сұрамады.
2) Төлемнің расталғанын тексереміз.
Payment Successful терезесі төлемнің сәтті өткенін білдіреді.
View order details – «Тапсырыс туралы ақпаратты көру» батырмасын басыңыз. Continue browsing батырмасы тауарларды қарау бетіне қайтарады.
Payment Successful терезесі төлемнің сәтті өткенін білдіреді.
View order details – «Тапсырыс туралы ақпаратты көру» батырмасын басыңыз. Continue browsing батырмасы тауарларды қарау бетіне қайтарады.
3) Тапсырыс мәліметтерін ашамыз.
Келесі бетте Packing order – «Тапсырыс қапталып жатыр» деген мәртебені көреміз. Бұл – тауарды жөнелтуге дайындау кезеңі. Сары блокта қосымша «сәлемдеменің автоматты түрде басқа жөнелтілімдермен біріктіріліп, таңдалған алып кету бөлімшесіне жіберілетінін» түсіндіреді.
Shipping: By land – жерүсті жеткізілімі дегенді білдіреді.

4) Төленген соманы тексереміз.
Paid жолында төленген сома көрсетіледі. Біздің мысалда ол ¥9,19, ал 含VAT ¥1,27 жазуы осы сомаға ¥1,27 мөлшеріндегі ҚҚС қосылғанын білдіреді.
Paid жолында төленген сома көрсетіледі. Біздің мысалда ол ¥9,19, ал 含VAT ¥1,27 жазуы осы сомаға ¥1,27 мөлшеріндегі ҚҚС қосылғанын білдіреді.
Бұрын сақталған картамен төлеудің тағы бір нұсқасы бар: қызыл батырманы басқаннан кейін алты таңбалы кодты енгізетін терезе ашылады. Бұл – картаны қосқан кезде ойлап тапқан құпиясөз. Сондықтан оны ұмытпай сақтап қою керегін ескерткенбіз.
Келесі терезе банк картаңыздың артқы бетінде орналасқан CVV кодын енгізуге арналған терезе болады. Кодымызды жазып, қызыл түсті батырманы басамыз. Осылайша тауардың ақысын төлейміз. Кейбір жағдайларда төлемді саусақ ізі немесе Face ID арқылы растауды сұрайды.
Алайда бұл тәсілмен төлем әрдайым өте бермейді. Мысалы, біздің жағдайда қосымша сақталған картаны таңдауды ұсынды, содан кейін SMS-код келді. Кодты енгізген соң төлем сәтті өтті.

Pinduoduo-да Apple Pay арқылы төлеу де қолжетімді. Біз тапсырысты Android смартфоны арқылы жасағандықтан, бұл кезеңді көрсете алмадық.
Сонымен, құттықтаймыз! Сіз алғашқы сатып алуыңызды жасадыңыз. Тапсырысты басты мәзір → You → My orders → All бөлімінен қайта табуға болады. Осы бөлімде жеткізу мәртебесінің өзгеруін бақылап отырасыз.
8-бөлімдегі ақпаратты әзірге жаңа деректермен толықтырмадық. Себебі Pinduoduo қосымшасы жақында ғана жаңартылды және тегін жеткізумен тапсырысты енді ғана жасады. Мұнда ақылы карго жеткізілімін бақылау жолдары және интерфейстің қытай тіліндегі скриншоттары сақталған. Дегенмен тегін жеткізудің де жұмыс тәртібі айтарлықтай өзгеше болмайды деп ойлаймыз.
8. Тауарды қалай бақылауға болады?
Тауарды төлегеннен кейін ол жүк көлігінің белгішесі бар бөлімге түседі. Жеткізуді бақылауды бастау үшін профиліңізге кіріп, жүк көлігінің белгішесін басыңыз.
Төлем жасалғаннан кейін тауар бірінші шеңбердегі – «Жөнелтуге дайындалып жатыр» мәртебесінде көрінеді. Ал жөнелтілгеннен кейін екінші шеңберге өтеді.
Одан кейін қажетті тауарды таңдап, көрсетілген батырманы басыңыз.
Біз тапсырысты YM Trans арқылы бердік. Жеткізу барысын тікелей Пиндуодуо қосымшасында қарап отыра алдық.
Алдыңғы қадамнан кейін ақпарат осылай көрсетілді:
Алдыңғы қадамнан кейін ақпарат осылай көрсетілді:
Тапсырыс алып кету бөлімшесіне келгенде терезе осылай өзгерді. Енді бөлімшеге барып, сәлемдемені алып кетуге болады. Сол жерде оның салмағына қарай жеткізу ақысын төлеу қажет. Kaspi QR арқылы төлем бар.
Жалпы, сәлемдеме тура 20 күнде жетті. Тапсырысты 9 мамырда жасадық, ал 29 мамырда ол бөлімшеге келді. Жеткізу мәртебесін + 705 842 26 29 WhatsApp нөмірі арқылы да нақтылауға болады. Мен жұмыс күні жұмыс уақытында жаздым, маған 3 минуттың ішінде жауап берді.
9. Маңызды кеңестер
1) Қазақстандағы кейбір банк карталары интернет төлемдер үшін, соның ішінде Pinduoduo-да да, 3–5% жоғарылатылған кешбэк есептейді. Сондай карталар туралы шолуды мына жерден оқи аласыздар.
2) Егер тауарыңыз жеңіл, бірақ көлемді болса (мысалы, жастық, жұмсақ ойыншық, люстра және т.б.), Қазақстанға жеткізу ақысы килограммен емес, көлеміне, яғни текше метрмен есептелуі мүмкін. Мұны міндетті түрде ескеріңіз, себебі карго арқылы ақылы жеткізгенде мұндай тауардың тасымалы килограммен есептелетін жеткізуден 2–3 есе қымбат болуы ықтимал. Мысалы, біз тік шаңсорғышқа тапсырыс беріп, тауардың өзіне 12 940₸ төледік. Ал көлемі бойынша жеткізу тағы 4466₸ болды. Жалпы құны – 17 406₸. Осындай бағамен дәл сондай шаңсорғышты Kaspi-ден сатып алып, ұзақ күтпеуге де болар еді. Тағы бір мысал: бір жыл бұрын оқырмандарымыз Pinduoduo-дан үш люстраны 36 000₸-ге сатып алып, жеткізуіне де дәл сондай сома төлеген.
3) Карго арқылы тым ауыр тауарларға да тапсырыс бермеген жөн. Тауардың өзі арзан болғанымен, салмағына қарай жеткізуге көп ақша төлеп қалуыңыз мүмкін. Шамамен есептеу үшін салмағын 4$-ға көбейтіңіз.
4) Кез келген тауардың бетінде «Сатушымен байланысу» терезесі бар. Аудармашы арқылы сатушыға жазып, мысалы, тауардың салмағын сұрауға болады. Осылайша жеткізу құнын алдын ала шамалап есептей аласыз. Немесе бойы 175 см, салмағы 75 кг ер адамға киімнің қай өлшемі сәйкес келетінін сұрауға болады.
5) Тауар келген пакеттерді лақтырмаңыз. Олардың QR-кодын сканерлесеңіз, келесі тапсырысқа жеңілдік ретінде пайдалануға болатын купон алуыңыз мүмкін. Толығырақ. Бұл купондарды тек белгілі бір тауарларға қолдануға болады.

10. Өз тәжірибеміз бойынша ұсынатын карго компаниялары:
- №1 Карго - JAŃA POST
JAŃA POST-тың сәлемдемені бақылауға болатын өз қосымшасы бар. Бұл өте ыңғайлы. Қазақстанның барлық дерлік қалаларында алып кету бөлімшелері бар. Сонымен қатар PRBRAIYP немесе PR7QXYTF промокодтары арқылы жеткізу ақысын төлеуге 500₸ жеңілдік алуға болады. Промокодты JanaPost қосымшасында тіркелгеннен кейін бірден енгізіп, 30 күн ішінде тапсырыс беру керек. Сонда шотыңызға 500 бонус түседі.
Бұрын бұл карго Pinduoduo қосымшасының ішінде болып, ресми карго компаниясы болып саналатын. Бірақ қазір жеткізу мекенжайын енгізу тәртібіне қатысты өзгерістер бар. Қытайдағы мекенжайды тіркеу, Pinduoduo-ға жеткізу мекенжайын қосу, жеке код алу және тапсырысты бақылау туралы қадамдық нұсқаулықты 👉 мына жерден көре аласыз.
- №2 карго – P2P CARGO
Біз P2P CARGO арқылы екі рет тапсырыс бердік. Компанияның Алматыда 5 бөлімшесі, Астанада 1 бөлімшесі бар. Сонымен қатар 2GIS-те жақсы пікірлер жинаған. Жеткізу мерзімі – 5–9 күн.
11. Пайдалы сілтемелер
- Карго мекенжайын қалай қосуға болады?
- Жеткізуді бақылау жөніндегі басқа нұсқаулықтар: 139express | JanaPost | Жекеменшік карго компаниялары.
- Алты таңбалы кодты ұмытып қалсаңыз, не істеу керек?
- Бір дүкеннен бірнеше тауарға қалай тапсырыс беруге болады?
- Киімнің өлшемін қалай дұрыс таңдауға болады?
- Ұқсас тауарларды қалай іздеуге болады?
- Төлем картасын қалай ауыстыруға және ескі картаны қалай өзгертуге болады? Екінші тәсіл.
- 100% брендтік тауарларды жеңілдікпен қалай сатып алуға болады?
- Қысқы күртешені қалай таңдауға болады?
- Сатушыдан қосымша жеңілдікті қалай алуға болады? (бейнежазба)