Жауабы – қытайлық WeChat қосымшасы арқылы. Оның ішінде Қытайдағы ресми Uniqlo дүкені орналасқан. Ол жерде қазақстандық нөмірімен тіркелуге болады, біздің карталармен төлеу қолжетімді және карго арқылы жеткізу арзанға түседі.
Бұл – тапсырыс берудің ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені Қытайдан каргомен жеткізу құны келісіне шамамен $3.5 болса, Корея немесе Жапониядан алдыру тиісінше $16–22 тұрады.
Бұл нұсқаулықта біз тіркелуден бастап тапсырысты алғанға дейінгі бүкіл процесті көрсеттік. Оны қадам-қадаммен орындасаңыз, бәрі оңай болады!
Кіріспе: Жақында жұбайым екеуміз Жапонияға барып қайттық. Сонда қазақстандықтар шетелге шыққанда неге бірінші кезекте Uniqlo-ға жүгіретінін түсіндім.
Себебі — киімдерінің сапасы өте жоғары, ал бағасы LC Waikiki немесе DeFacto деңгейінде. Сондай-ақ, көбі бұл бренд туралы: «Киімдері бірнеше жыл жуылса да, өңі кетпейді» дейді.
Маған тағы бір ұнағаны — егер сіз, мысалы, L өлшемді киімді киіп көріп, ол сізге шақ келсе, онда 98% ықтималдықпен сол өлшемдегі басқа киімдер де сізге сай келеді. Мен бір жейдені киіп көрдім де, содан кейін сол өлшемдегі бірнеше затты алдым, бәрі де шақ келді.
WeChat жүктеп алыңыз
Қосымша AppStore және Google Play дүкендерінде қолжетімді.
Тіркелуді бастаңыз
Қазақстандық нөмірмен тіркелуге болады. Сізге коды бар SMS келеді немесе қоңырау шалып, кодты ағылшын тілінде айтады.
Содан кейін қолдану шарттарымен келісесіз.
Келіскеннен кейін Weixin қызметтерін қосыңыз (олар әдетте автоматты түрде қосылып тұрады, бірақ суреттегідей екенін тағы бір тексеріп шыққан дұрыс). Оларды қоспасаңыз, Uniqlo қосымшасы ашылмайды.
Егер сізде Weixin қызметтерін қосу туралы ұсыныс шықпаса, уайымдамаңыз, Uniqlo-ны басқа жолмен ашуға болады. Ол туралы нұсқаулықтың келесі бөлімінде жазылған.
Сіз WeChat-қа тіркелдіңіз.
Сіз WeChat-қа тіркелдіңіз.
Төлем тәсілін енгізу
Төлем картасын қосу үшін профильде Мен → әмиян → bank cards бөліміне өтіңіз.
Әрі қарай + Add a Bank card батырмасын басып, картаңыздың деректерін енгізіңіп, растаңыз.
Осыдан кейін шарттармен келісіп, WeChat ішіндегі болашақ төлемдер үшін құпиясөз ойлап табыңыз. Егер бәрі сәтті өтсе, үшінші суреттегідей растау экранын көресіз.
Бұл құпиясөзді жоғалтып алмас үшін жазбаларыңызға немесе басқа жерге сақтап қойыңыз.
Егер сізде iPhone болса, банк картасын қосқаннан кейін сатып алу процесін жеңілдету үшін төлем тәсілдеріне Apple Pay-ді қоса аласыз. Ол үшін «Әмиян» → экранның төменгі жағында Payment Settings → Other Payment Methods → Apple Pay-ді белсендіру батырмасын басыңыз.
Ескерту: егер WeChat-та жұмыс істеу барысында осындай хабарлама немесе қалқымалы терезе шықса, оны елемей-ақ қойыңыз. Бұл — WeChat жүйесіндегі верификация, оны міндетті түрде өтудің қажеті жоқ және ол Uniqlo-дағы тапсырыстарыңызға әсер етпейді.
Егер WeChat-қа тіркелу кезінде қиындықтар туындаса немесе төлем өтпесе, басқа аккаунтпен (басқа телефон нөмірімен) қайта тіркеліп көріңіз.
Uniqlo-ға өту
1-тәсіл. Экранның төменгі жағындағы «Табу» бөліміне өтіп, мәзірдегі «Іздеу» батырмасын басыңыз.
Әрі қарай іздеу жолағына «Uniqlo» деп жазып, міндетті түрде «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол жерден Uniqlo-ның мини-қосымшасын табасыз.
2-тәсіл. «Чаттар» бөліміне өтіп, ең жоғарғы жағындағы іздеу жолағына «Uniqlo» деп жазып, іздеуді басыңыз. Сол жерден Uniqlo-ны табасыз. Содан кейін, егер бұған дейін шықпаған болса, сізге Weixin қызметтерін қосу ұсынылады.
Uniqlo-ға кіргеннен кейін интерфейсті орыс тіліне аударуға болады. Бірақ интерфейс сәл «жылжып» кетуі мүмкін екенін және аударманың көп жерлерде толық емес екенін ескеріңіз. Мини-қосымшаны орыс тіліне аудару үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы ⭐️ немесе ⚫️⚫️⚫️ белгішесін басыңыз (бұл екеуі бір батырма, тек белгішесі кейде өзгеріп тұрады). Осыдан кейін интерфейсті орыс тіліне аудару мүмкіндігі пайда болады.
Uniqlo-ға тіркелу
WeChat ішіндегі барлық дүкендер жеке мини-қосымшалар түрінде берілгендіктен, Uniqlo-да тапсырыс беру үшін тағы бір рет тіркелу қажет. Уайымдамаңыз, қосымша WeChat ішінде болғандықтан, тіркелу небәрі 30 секунд уақытыңызды алады.
«Профиль (мүше)» → «Кіру/Тіркелу» → «Жылдам тіркелу» бөліміне өтіңіз.
«Профиль (мүше)» → «Кіру/Тіркелу» → «Жылдам тіркелу» бөліміне өтіңіз.
Содан кейін суретте көрсетілгендей өз нөміріңізді таңдаңыз. Тіркелу сәтті аяқталғаны туралы хабарлама шығады, содан кейін мини-қосымша хабарландырулар жіберуге рұқсат сұрайды. Өз қалауыңыз бойынша рұқсат беруге немесе бас тартуға болады.
Алақай! Енді сіз тапсырысыңызды жинай аласыз. Басты бетте жеке тауарлар көрсетілген, ал барлық каталогты Uniqlo мини-қосымшасының төменгі оң жақ бұрышындағы «Санаттар» бөлімінен табуға болады. Ол әйелдер және ерлер бөлімдеріне бөлінген.
*Егер сізден SMS-кодты енгізуді сұраса, енгізіңіз. Код Whatsapp-қа да келуі мүмкін. Егер код қабылданбаса немесе оны енгізгеннен кейін ештеңе өзгермесе, WeChat-тан шығып, Uniqlo-ға қайта кіріп көріңіз. Егер бұл да көмектеспесе, WeChat-қа басқа телефон нөмірімен тіркеліп, қадамдарды қайтадан орындап көріңіз.
Киім таңдаған кезде тауар бетіндегі өлшем кестесіне («өлшем бойынша көмекшіге») сүйеніңіз.
Тауарды себетке қосу үшін тауар бетіндегі «Себетке қосу» батырмасын басыңыз.
Жеткізу мекенжайын көрсету
Барлық тауарларды таңдап болған соң, себетке өтіп, сатып алғыңыз келетін заттарды белгілеңіз.
Әрі қарай, жоғарғы жағындағы «Жөнелту туралы ақпарат» бөлімінде «Өзгерту» → «Жөнелту мекенжайын қосу» батырмаларын басыңыз.
«Жөнелту мекенжайы» бөліміне біз карго мекенжайын енгіземіз. Карго — Қытайда өз қоймасы бар компания, ол сіздің сәлемдемеңізді қабылдап, кейін Қытайдағы қоймасынан Қазақстанға сізге қарай жібереді.
Бұл нұсқаулықта біз JanaPost қызметін қолданамыз.
JanaPost қосымшасын AppStore немесе Google Play арқылы жүктеуге болады. Жаңа қолданушылар үшін PRBRAIYP немесе PR7QXYTF промокодтары бар, олар 30 күн ішінде берілген тапсырысқа жеткізу ақысын төлеуге 500₸ бонус береді. JanaPost-та тіркелу өте оңай, интерфейсі қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді, сондықтан ешқандай қиындық туындамайды.
Олар қай қалаларда жұмыс істейді?
Бірінші жолақ – бұл сіздің жеке ID нөміріңіз, ол қоймада сәлемдеменің нақты сізге тиесілі екенін анықтау үшін қажет.
Екінші жолақ – қойманың жергілікті (қытайлық) телефон нөмірі
Ал үшінші жолақ – сіздің деректеріңізбен бірге көрсетілген қойманың нақты мекенжайы.
Екінші жолақ – қойманың жергілікті (қытайлық) телефон нөмірі
Ал үшінші жолақ – сіздің деректеріңізбен бірге көрсетілген қойманың нақты мекенжайы.
Енді мекенжайды толтыру үшін Uniqlo-ға ораламыз. Бұл кезеңде қателеспеу үшін Uniqlo-дағы бетті аудару функциясын өшіре тұрған дұрыс, ақпаратты енгізген соң аударманы қайта қоса аласыз.
Мекенжайды тиісті жолдарға жазыңыз, біз оларды сіз үшін арнайы нөмірлеп қойдық.
Үшінші жолақты қосқан кезде оған көшірілген ақпаратты қою мүмкін емес, сондықтан «барабан» арқылы қолмен таңдау керек (қала, провинция және ауданды). Бұл ақпаратты JanaPost қосымшасындағы толық мекенжайдан аласыз (алдыңғы скриншоттағы 3-жолақты қараңыз). Егер қиындық туындаса, ChatGPT-ден толтырылған ақпаратты тексеріп беруді сұрай аласыз.
Келесі жолаққа JanaPost қоймасының толық мекенжайын жай ғана көшіріп қоясыз (тек # алып тастап, орнына бос орын қалдырыңыз). Егер # алып тастамасаңыз, мекенжайды сақтау кезінде қате шығады. Одан кейін сақтау батырмасын басыңыз (төмендегі қара түсті батырма).
Мекенжайды тиісті жолдарға жазыңыз, біз оларды сіз үшін арнайы нөмірлеп қойдық.
Үшінші жолақты қосқан кезде оған көшірілген ақпаратты қою мүмкін емес, сондықтан «барабан» арқылы қолмен таңдау керек (қала, провинция және ауданды). Бұл ақпаратты JanaPost қосымшасындағы толық мекенжайдан аласыз (алдыңғы скриншоттағы 3-жолақты қараңыз). Егер қиындық туындаса, ChatGPT-ден толтырылған ақпаратты тексеріп беруді сұрай аласыз.
Келесі жолаққа JanaPost қоймасының толық мекенжайын жай ғана көшіріп қоясыз (тек # алып тастап, орнына бос орын қалдырыңыз). Егер # алып тастамасаңыз, мекенжайды сақтау кезінде қате шығады. Одан кейін сақтау батырмасын басыңыз (төмендегі қара түсті батырма).
Төлем
Мекенжайды қосқаннан кейін сіз қайтадан себетке өтесіз, «Есептеу» батырмасын басып, бәрінің дұрыс екенін тексеріңіз (мекенжай, тауарлар, бағасы). Сондай-ақ купондарыңыздың бар-жоғын тексеріңіз, бізге ¥300-нен жоғары сомаға сатып алғанымыз үшін ¥20 жеңілдік берілді (үшінші сурет, ортада). Тапсырысты рәсімдеудің соңғы кезеңінде WeChat Pay әдісін таңдаңыз.
*¥200-нен асатын сомаға төлем жасағанда WeChat 3% комиссия ұстайды. Мұны 6%-ға дейін кешбек беретін картамен төлеу арқылы өтеуге болады. Сондай карталардың тізімі.
*¥200-нен асатын сомаға төлем жасағанда WeChat 3% комиссия ұстайды. Мұны 6%-ға дейін кешбек беретін картамен төлеу арқылы өтеуге болады. Сондай карталардың тізімі.
Төлем кезеңінде тапсырыс ақысын бұған дейін өзіңіз ойлап тапқан PIN-код арқылы картамен төлей аласыз немесе «Payment Method» өрісіндегі «Change» батырмасын басу арқылы төлем әдісін өзгерте аласыз.
Егер сізде iPhone болып, белсендірген Apple Pay болса, оны төлем түрлерінен таңдауға болады.
Егер сізде iPhone болып, белсендірген Apple Pay болса, оны төлем түрлерінен таңдауға болады.
Егер бәрі сәтті өтсе, экранда осындай хабарлама пайда болады.
Сәлемдеменің Қытайдағы қоймаға дейін жеткізілуін бақылау
Uniqlo-дан Қытайдағы карго қоймасына дейінгі сәлемдемені мына алгоритм бойынша бақылай аласыз: профиль → барлық тапсырыстар → толық мәліметтерді қарау → сәлемдеме туралы ақпарат (сәлемдеме жөнелтілгеннен кейін пайда болады).
Сәлемдеменің Қытайдағы қоймадан Қазақстанға дейін жеткізілуін бақылау
Егер сіз JanaPost қызметін пайдалансаңыз, сәлемдеме Қытайдағы қоймаға түскеннен кейін қосымшада автоматты түрде көрінеді. JanaPost бұл жайлы сізге push-хабарлама жібереді. Қосымша арқылы тауардың салмағы үшін де төлем жасауға болады. Тапсырыс беру пунктіне келген кезде де сізге тағы push-хабарлама келеді.
Егер сіз басқа карго қызметін пайдалансаңыз, онда сізге сәлемдеменің трек-нөмірі қажет. Ол сіздің сәлемдемеңіз Uniqlo-дан Қытайдағы карго қоймасына жөнелтілген кезде беріледі.
Трек-нөмірді: профиль → барлық тапсырыстар → толық мәліметтерді қарау → сәлемдеме туралы ақпарат → логистикалық ақпарат → трек-нөмір бөлімінен алуға болады. Оны бір батырмамен көшіріп алуға болады.
Трек-нөмірді: профиль → барлық тапсырыстар → толық мәліметтерді қарау → сәлемдеме туралы ақпарат → логистикалық ақпарат → трек-нөмір бөлімінен алуға болады. Оны бір батырмамен көшіріп алуға болады.
Осы трек-нөмірді карго компанияңызға беріп, сәлемдемені Қазақстанға келгенше бақылауға болады.
JanaPost арқылы сәлемдемені алу
Сәлемдемені алып кетуге болғанда, сізге push-хабарлама келеді.
Cәлемдемені алу пунктіне келгенде, қосымшадағы штрих-кодты қызметкерге көрсетсеңіз жеткілікті.
Сатып алуыңыз құтты болсын!
Бұл тауарлар 100% түпнұсқа ма?
Мен дәл осы кардиганды Жапонияда киіп көргенмін: матасы, бағасы, өлшемі — бәрі бірдей. Нәтижесінде мен оны Uniqlo сайтындағы бағадан аса қымбатқа алмадым 👇
Өзіңізге немесе сыйлыққа алуға болатын Uniqlo-ның ең өтімді тауарлары:
- Банан-сөмкелер — унисекс үлгісінде, бағасы арзан (шамамен 4500 теңге) және ішіне таңғаларлық көп зат сыйады. Серуенге өте ыңғайлы. Қазақстанда оларды 12–14 мың теңгеге сатады.
- Heattech термокиімі — жұқа, бірақ жылы, денеде мүлдем білінбейді. Ең жұқа түрі (қаптамасында ешқандай жазуы жоқ) далада жүруге де, бөлме ішінде де ыңғайлы. Қалыңдау түрлері табиғатқа немесе тауға шығуға арналған, бөлме ішінде ыстық болуы мүмкін. Бағасы шамамен 6000 теңге.
- Ультражеңіл күртелер мен жилеттер (PUFF Tech) — салмағы мүлдем сезілмейді және өте аз орын алады. Жинап, жиынтықтағы қапшығына салып қоюға болады. Бағасы 18–20 мың теңге.
