Тиімді Қазақстан

2026 жылы жеке кәсіпкерліктен өзін-өзі жұмыспен қамтуға ауысу тәртібі

Жеке кәсіпкер бола тұрып, өзін-өзі жұмыспен қамтушы атану мүмкіндігі

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы мен ЖК мәртебесін қатар алып жүруге болмайтындықтан, ең алдымен ЖК-ны жабу қажет. Мұны екі тәсілмен жасауға болады:
  1. Өзіңіз жаба аласыз. Салық органдарына (Салық төлеушінің кабинеті немесе eGov арқылы) қызметті тоқтату туралы өтініш бересіз. Барлық салық міндеттемелерін орындап, соңғы есептілікті тапсыру керек екенін ұмытпаңыз.
  2. Автоматты түрде жабылады. 2025 жылдың соңында патент негізіндегі ЖК немесе мобильді қолданба қолданатын АСР-де жұмыс істеп, 2026 жылғы 1 наурызға дейін өзге арнайы режимге ауысуды растайтын өтініш бермесеңіз, салық органы сізді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖК ретінде тіркеуден автоматты түрде алып тастайды.

ЖК жабу тәртібі

ЖК-ны өз бетінше жеңілдетілген тәртіппен жабуға болады, бірақ мына талаптарды орындаған жөн:
  • Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз болмауға тиіс (оның ішінде өсімпұл мен айыппұлдар).
  • ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуде тұрмау керек.
  • Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекел деңгейіне жатпау қажет.
  • Салық тексерулері жоспарына немесе іріктемелі тексерулер тізімінде болмау керек.
  • Бірлескен кәсіпкерлік ретінде кәсіп жүргізбеу керек (яғни қызмет бір ғана тұлғаның атында болуға тиіс).

ЖК-ны өз бетінше жеңілдетілген тәртіппен жабу үшін біздің мақаладағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Made on
Tilda