Бұл мақала 2026 жылғы 3 тамызда жаңартылды
Негізгі артықшылықтары:
- Шетелдегі Duty Free дүкендерінде - 10%.
- Apple, Samsung, Garmin, Google Pay арқылы POS-терминалдарда төлем жасау– 3%
- Beeline тарифі бойынша абоненттік төлем (Үйдегі интернет емес) төлеу – 1%*.
- Негізгі бонус – 1,5%.
- Janymda қосымшасындағы сатып алулар үшін – 25%-ға дейін.
- Forte қосымшасында Kaspi QR арқылы төлем жасап, төлем тәсілі ретінде Simply картасын таңдасаңыз, 1,5% кешбэк беріледі.
- Егер сізде «Премиум отбасы» тарифі қосылған Beeline нөмірі Simply "суперкүшімен" байланыстырылыған болса, бонусыңызға қосымша +1% қосылады.
*Beeline өнімдері үшін кешбэк келесі күні есептеледі.
Шарттары: бонустар (S!) транзакция өңделгеннен кейін беріледі (әдетте 4 күнге дейін). Айына есептелетін бонустардың ең төменгі сомасы жоқ. Бонустарды шешіп алу үшін де ең төменгі сома қарастырылмаған. Бонустар картаға ақша түрінде аударылады. 1 Simply бонус = 1₸. Бір күнтізбелік айда ең көбі 30 000S! бонус есептеледі. Кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, бір транзакция бойынша бонусқа шектеу жоқ.
Ерекшеліктер:
- Супермаркеттер (MCC 5411) – бір транзакцияға 3000S!, айына 12 000S!;
- Жанармай құю бекеттері (MCC 5541) – бір транзакцияға 1500S!, айына 7500S!;
- MCC 4214 – бір транзакцияға 1500S!, айына 9000S!.
Simply картасына қысқаша шолу: карта тегін, тек виртуалды форматта. Егер нөмір мен карта бір адамға тіркелген болса, карта Beeline нөмірінің балансын пайдалана алады. Картада айына 300 АЕК-ке дейін тегін аударымдар бар.
Картаға толығырақ шолу сілтемеде.
Банкпен байланыс: Telegram чаты.
Комиссиясыз толтыру әдістері сілтемеде (№ 4, 8, 10 әдістерді қараңыз).
