Тыйым салынатын заттар:
- Балағат сөздер, дөрекі сөздер, қорлау, арандату және әдепсіз сөздер.
- Саясат жайлы әңгімелер және заңсыз әрекеттерге қатысты схемалар.
- Кез келген түрдегі жарнама.
- Чат тақырыбына қатысы жоқ әңгімелер.
- Telegram-дағы пайдаланушы атыңызда немесе профиліңізде кез келген түрде жарнама орналастыру. Мысалы, дүкендердің, қызметтердің, мамандықтардың атаулары және т.б.
- Әдепсіз лақап аттар мен аватарлар.
- Тауарлар мен қызметтерді сату немесе сатып алу, соның ішінде гигабайттар сату.
- Тауарлар мен қызметтерді сату туралы хабарландыруларды тек біздің қосалқы чатта жариялауға болады.
- Бір сұрауды, сұрақты немесе хабарламаны 24 сағат ішінде бір рет қана жіберуге болады. Егер жауап берілмесе, демек, оның жауабын білмейміз. Бір хабарламаны қайта-қайта жіберудің қажеті жоқ. Арна тақырыбына қатысты барлық сұрақтарға кезек тәртібімен жауап береміз.
- Ақша жіберуді сұрау; біреуден ақшаны бір банкке жіберіп, басқа банктен алуды өтіну; құжат немесе сәлемдеме беріп жіберуді сұрау.
- Елдердің, қылмыскерлердің, атышулы тұлғалардың, жыныстық азшылықтардың, әскери блоктардың, саяси қозғалыстардың және олардың өкілдерінің кез келген тулары, байрақтары, жалаулары мен басқа да ерекше суреттері. Бұған аватарлар мен пайдаланушы есімдеріндегі бейнелер де кіреді.
- Дін мен саясат төңірегіндегі пікірталастар. Мұндай хабарламалар өшіріледі.
- Арна атынан жазуға тыйым салынады, тек жеке аккаунттардан жіберілген хабарламаларға рұқсат етіледі.
- Оқырмандар арасында кез келген қаржылық операциялар жүргізуге және ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады.
- Әлеуметтік желілерде парақшаға жазылуды, дауыс беруді немесе қолдау көрсетуді сұрау.
Рефералдық кодтарды жіберу ережелері
- Чатта арна мен чат тақырыбына қатысты 100-ден астам пайдалы хабарлама¹ жазған оқырмандар ғана жібере алады.
- Хабарламалар эмодзисіз, суретсіз, сілтемені алдын ала қараусыз, қалың қаріппен ерекшелеусіз және басқа форматтауларсыз болуы қажет (төменде көрсетілген ерекшеліктерден басқа).
- Хабарлама тұтас мәтін түрінде жазылуы керек.
- Абзацтарды сызықшадан немесе • таңбасынан бастауға болмайды
- Рефералдық кодтарды 48 сағатта 1 реттен артық жіберуге болмайды.
- Бір хабарламада үш кодтан артық болмауы керек.
Маңызды:
- Сілтемені мәтіннің ішіне енгізу керек. Ол үшін мәтінді белгілеңіз → экранның жоғарғы жағындағы үш нүктені басыңыз → «Сілтеме қосу» батырмасын таңдаңыз. Мысалы.
- Промокодтарды бір рет басқанда көшіріп алуға болатындай етіп моноқаріп форматында жазу керек.
- Ережені бірінші рет бұзған жағдайда ескерту беріледі, қайталанса – чаттан бұғатталады.
¹ — Чатта қанша хабарлама жазғаныңызды мына сілтеме арқылы білуге болады.
