Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары жолдағы шұңқырларға қайда шағымдана алады
Алматы — әкімдіктің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесі — open-almaty.kz. Телефондары: тегін 109 қысқа нөмірі немесе +7 727 338 33 88. Сондай-ақ Telegram-бот арқылы да өтініш беруге болады.
Астана — «iKOMEK 109» бірыңғай байланыс орталығы. Ол смартфондағы қосымша, Telegram-дағы чат-бот немесе Smart Astana арқылы жұмыс істейді. Телефондар: тегін 109 қысқа нөмірі. Сонымен қатар қала әкімдігінің сайты арқылы да жүгінуге болады.
Шымкент — «i-Shymkent 109» бірыңғай байланыс орталығы. Оған 109 телефоны немесе +7 777 710 91 09 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуға болады. Telegram-да чат-бот та бар.
Жолдағы шұңқырларға e-Otinish арқылы қалай шағым беру туралы нұсқаулықты осы жерде жазғанбыз.