Тиімді Қазақстан

RBK Signature картасы бойынша кешбэктер туралы толығырақ ақпарат

Бұл мақала 2026 жылдың 1 қыркүйегінде жаңартылды.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап кешбэк есептеу шарттары өзгерді:

Бұрын кешбэк пайызы карта түріне де, шот теңгеріміндегі күнделікті қалдыққа да байланысты болатын. Қазір ережелер өзгерді – енді картаңыз премиум болса да, болмаса да, пайызды санау үшін тек күнделікті қалдық есепке алынады.
1 000 000₸-ден жоғары Safe / Grant депозиті болса, кешбэгіңізге +1% қосылады.

Кез келген карта түрі үшін күнделікті кэшбэк шегі –15 000₸. Кешбэк лимиті карта түріне байланысты: 30 000₸-ден (Gold/Virtuon) 100 000₸-ге (Infinite) дейін.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап кешбэк жеке шотқа түседі. Кешбэкті айдың соңғы жұмыс күні шығарып алуға болады.

Барлық өзгерістермен сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.

Барлық төлемдерге 8% кешбэкті қалай алуға болады? Интернетте де, POS-терминалдарда да, тіпті Қытайда жасалған сатып алулар үшін де.

Мысалы, сізде қызмет көрсетуі тегін Virtuon виртуалды картасы бар делік. Онда 1 млн ₸ күнделікті қалдық болса, барлық сатып алуларға 7% кешбэгіңіз болады. Ал егер 1 млн ₸-ден жоғары депозитіңіз болса, кешбэк 8%-ға жетеді. Кэшбэк шегі күніне –15 000₸, айына – 30 000₸.

RBK Virtuon – 8%-ға дейін кешбэк алу мүмкіндігі бар тегін карта.

Картаға біздің шолуымыз.

Тағы бір мысал – RBK Signature картасы. Бұл премиалды карта. Егер ай сайын осы картамен 350 000₸-ден жоғары сомаға төлем жасасаңыз, қызмет көрсету тегін болады. Немесе 10 млн ₸-ден басталатын депозитіңіз болса, бұл да картаны толықтай тегін етеді.

8% кешбэк алу шарттары өзгеріссіз – карта шотында 1 млн ₸-ден басталатын қалдық және 1 млн ₸-ден басталатын депозиттің болуы қажет. Күндік кешбэк шегі барлық RBK карталары үшін бірдей – 15 000₸. Ал айлық шегі Virtuon картасына қарағанда екі есе жоғары – 60 000₸. Сонымен қатар әлемнің кез келген банкоматынан айына 1 000 000₸-ге дейін қолма-қол ақша шешуге болады.
Сонымен қатар, біз мына жерде айтып өткен VISA премиум карталарының басқа да артықшылықтары қолжетімді.
RBK Signature картасын ашқан кезде бірінші айдың қызмет ақысы алынады, бірақ карта бойынша төлем шарттары орындалса (350 000₸-ден жоғары), келесі айдың басында ол комиссия қайтарылады. Міндетті түрде виртуалды картаны ашқан дұрыс, өйткені оны My RBK қосымшасында тегін шығаруға болады. Ал пластик картаны рәсімдеу ақылы.

Яғни: RBK Signature картасын белсенді қолдансаңыз — қызмет көрсету үшін ақы төлемейсіз, оған қоса 8%-ға дейін кешбэк аласыз. Біздің ойымызша, бұл өте тиімді нұсқа.

Тағы RBK Infinite премиум картасы бар. Бұл карта бойынша кешбэк шегі күніне —15 000₸, ал айына —100 000₸. Кез келген банкоматтан айына 5 млн ₸-ге дейін қолма-қол ақшаны тегін шешіп алуға болады. Ал айына 550 000₸-ден жоғары сомаға сатып алу жасасаңыз, әуежайлардың бизнес-залдарына шектеусіз кіру мүмкіндігі ашылады.

8% кешбэк алу шарттары барлық карталар үшін бірдей: карта шотында кемінде 1 млн ₸ қалдық және 1 млн ₸-тен жоғары депозиттіңіз болуы қажет. Карта ақылы – айына 10 000₸, бірақ егер сізде 20 млн ₸-ден жоғары депозитіңіз болса, қызмет көрсету тегін болады.

Business Lounge-ға кіру бойынша толық нұсқаулық осы жерде.

VISA премиум карталарының басқа да артықшылықтары туралы мына жазбадан оқи аласыздар.

Ашқаннан кейін барлық карталарға Sarqyt бағдарламасын қосу керек.

Бұл банктің кешбэк-бағдарламасы. Егер сіз картаны жаңадан ашсаңыз, Sarqyt-ты қосып, қажетті соманы салыңыз да, келесі күннің 00:00-не дейін күтіңіз. Содан кейін кешбэк пайызы салған сомаңызға қарай өседі.

Егер сізде Sarqyt бұрын басқа RBK картасына қосылған болса, оны негізгі қолданатын картаға ауыстыру керек. Бұл банк қосымшасында жасалады.

Карталарды My RBK қосымшасында ашуға болады.
Банкпен байланыс:
• 7888 – ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін
• +7 (727) 330-77-77 – Card Service (24/7)
WhatsApp чат
• info@bankrbk.kz – электрондық пошта
2026-01-20 23:37