Тиімді Қазақстан

Отбасы банкінде ипотеканы зейнетақы жинақтарының артық қаражатымен қалай өтеуге болады?

Бұрын зейнетақы жинағымен негізгі қарызды да, банктің сыйақысын да қоса төлеп, ай сайынғы төлемді толық жабуға болатын. Қазір бұл ережеге өзгерістер енгізілді: енді зейнетақы қаражаты тек негізгі қарызды жабуға жұмсалады, ал банктің пайызын өз қаражатыңызбен төлеуіңіз қажет.
Мысалы: ай сайынғы төлеміңіз — 150 000₸. Оның 100 000₸ — негізгі қарыз, 50 000₸ — банктің пайызы. Төлем күні алдымен 50 000₸ банк сыйақысын өз ақшаңызбен төлейсіз, содан кейін ғана зейнетақы қаражаты негізгі қарызға жіберіледі. Зейнетақы ақшасы төлем күніне дейін шотта дайын тұруы керек.

Қадамдық нұсқаулық

1-кезең. Зейнетақы артық қаражатын алдын ала сұратыңыз
1) Қолжетімді соманы БЖЗҚ сайтында немесе ресми қосымшасында көруге болады. Ол үшін авторизациядан өтіп, жеке кабинетке кіру қажет.
Сондай-ақ, соманы eGov Mobile қосымшасынан тексеруге болады. Қосымшадағы жеке кабинетіңіздің «Зейнетақы жинақтары» бөліміне өтіп, бетті жаңарту керек.
2) «Алуға қолжетімді БЗЖ сомасы» тармағына қараңыз. Бұл – ипотеканы өтеуге бағыттай алатын қаражатыңыз. БЖЗҚ сайтында бұл былай көрсетілген:
3) Otbasy bank мобильді қосымшасы немесе видеобанк арқылы арнайы БЗТ шотын ашыңыз (бұл банк қолданушысы болсаңыз да қажет). Болашақта ақша осы шотқа түседі. Қадамдық бейненұсқаулық — осы сілтемеде.
4) Төлем күніне 2 апта қалғанда enpf-otbasy.kz платформасына ЭЦҚ арқылы кіріп, ай сайынғы төлемдегі негізгі қарыздан сәл жоғары соманы сұраңыз. Мысалы, негізгі қарыз 100 000₸ болса, 101 000₸ көрсетуге болады. Мақсат ретінде: «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық қарызды ішінара өтеу» деп таңдаңыз.
Өтінім беру бойынша бейненұсқаулық — осында.
5) Өтінімге қол қойып, оны БЖЗҚ-ға жіберіңіз. Ол 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Қаражат Отбасы банктегі арнайы шотқа аударылады. Ақша түскеннен кейін оны пайдалану үшін сізде 20 жұмыс күні болады.
2-кезең. Ипотека төлеу күні ағымдағы шотты өз ақшаңызбен толтырыңыз
Бұл — жаңа міндетті қадам. Зейнетақы ақшасы енді тек негізгі қарызды жабуға жұмсалатындықтан, несие бойынша пайыздарды өзіңіз төлеуіңіз керек. Сондықтан қарызды өтемес бұрын Отбасы банктегі ағымдағы шотыңызды есептелген пайыздар сомасына толтыру қажет.
Пайыз сомасын қалай білуге болады? Төлем күні Otbasy bank қосымшасына кіріп → Қарызды таңдаңыз → «Ішінара мерзімінен бұрын өтеу» түймесін басыңыз → БЗТ арнайы шотын таңдаңыз. Жүйе ағымдағы шотқа салынуы керек ең төменгі соманы көрсетеді. Бұл — сіз өзіңіз төлеуіңіз тиіс пайыздар. Ағымдағы шотыңызды кез келген ыңғайлы тәсілмен толтыра аласыз.
3-кезең. Ағымдағы шотқа қажетті сома түскеннен кейін қарызды өтеуге болады
1) Қосымшаға қайта кіріп, қарызды таңдаңыз да «Ішінара мерзімінен бұрын өтеу» бөлімін басыңыз.
2) Одан кейін ЕПВ арнайы шотын таңдаңыз. Шотта қажетті сома бар екеніне көз жеткізіп, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

3) Шарттармен танысып, келісіміңізді растаңыз.

4) Жүйе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге өтінім қалыптастырады. Оны SMS арқылы келетін OTP-кодпен қол қою қажет. Содан кейін операцияның өңделуін күтіңіз.

5) Жаңа төлем кестесімен танысып, оған қол қойыңыз. «Аяқтау» батырмасын басыңыз.
Дайын! Осыдан кейін несие ішінара өтеледі, ал жүйеде жаңа төлем кестесі пайда болады.

Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді?

1-мысал:

Адамда 200 000₸ зейнетақы артық қаражаты бар. Ол несиені ішінара өтегісі келеді. Осы күні несие бойынша 10 000₸ пайыз есептелген.
Нәтижесінде:
  • 200 000₸ зейнетақы шотынан — негізгі қарызға жұмсалады
  • 10 000₸ жеке шоттан — пайызға алынады
Жалпы өтеу сомасы — 210 000₸.

2-мысал:

Адамда 1 000 000₸ зейнетақы артық қаражаты бар. Ол несиені толық жапқысы келеді. Негізгі қарыз — 800 000₸, есептелген пайыз — 8000₸.
Бұл жағдайда:
  • пайызды төлеу үшін ағымдағы шотқа 8000₸ салу керек
  • 800 000₸ БЗТ-дан негізгі қарызды жабуға бағытталады
  • 200 000₸ БЗТ шотында қалады
Шоттан 1 000 000₸ шешілгенімен, негізгі қарыз аз болса (мысалы, 800 000₸), тек қарыз сомасы ғана алынады.
Қалған 200 000₸ арнайы шотта қалып, 20 жұмыс күнінен кейін автоматты түрде БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Маңызды: егер сізде бірнеше несие болса, әрқайсысына жеке өтінім беру қажет. Барлық несиені бір өтініммен жабу мүмкін емес. Өтінімдер ай сайын беріледі, сол себепті алдын ала бірнешеуін бірден рәсімдеуге болмайды.

Егер төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе не істеу керек?

Оқырманымыз тәжірибесімен бөлісті: «Егер төлем күні демалыс немесе мереке болса, ағымдағы шоттағы ақша автоматты түрде алынады. Ал егер шотта ақша болмаса, зейнетақы қаражатын пайдалану мүмкін болмайды (менде солай болды). Сондықтан, берер кеңесім: егер төлем күні демалысқа немесе мерекеге түссіп тұрса, зейнетақы ақшасының арнайы шотқа алдын ала түсуін қамтамасыз етіңіз. Қаражатқа ештеңе болмайды, ол 20 күнге дейін шоттыңызда жата алады.
Ал ағымдағы шотқа ақшаны алдын ала емес, демалыстан немесе мерекеден кейінгі күні салған жөн. Алдын ала салсаңыз, ол автоматты түрде шешіліп кетеді де, ай сайынғы төлемді ғана өтеуге мүмкіндік болады».
2026-03-17 18:20