Halyk Bank-тің POS-терминалдарында Kcell және Activ мобильді теңгерімімен комиссиясыз төлем жасауға болады. Ол үшін оператордың серіктесі – Wooppay жүйесі арқылы сәйкестендіруден (идентификациядан) өту қажет, ал сәйкестендіруден өту үшін арнайы сілтеме алу керек. *Сәйкестендіру тек бір рет немесе бір тәулік ішінде 3 АЕК-тен (12 975 ₸) асатын сомаға операция жасаған жағдайда ғана талап етіледі.
Сәйкестендіру сілтемесін алу үшін оператордың қосымшасын ашып, «Теңгерімнен төлеу» бөлімінде 3 АЕК-тен (12 975 ₸) асатын кез келген сомаға төлем жасап көріңіз. Егер сіз сәйкестендіруден өтпеген болсаңыз, жүйе төлемді қабылдамай тастайды, ал содан кейін сізге сәйкестендіру сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді.
Сәйкестендіруден сәтті өткеннен кейін, сіз Halyk Bank-тің POS-терминалдарында QR арқылы Kcell және Activ теңгерімінен бір ретте немесе бір тәулік ішінде 3 АЕК-тен асатын сомаға сатып алулар жасай аласыз.
Төлем жасау
Ескертпе: бұл әдіс тек Halyk Bank-тің POS-терминалдарындағы QR-кодтар үшін ғана жұмыс істейді және басып шығарылған QR-кодтарға немесе басқа банктердің QR-кодтарына қолданылмайды.
Оператордың қосымшасын ашып, авторизациядан өтіңіз. Авторизациядан өткеннен кейін «QR төлем» батырмасын басыңыз және қосымша рұқсат сұраған жағдайда камераны пайдалануға рұқсат беріңіз.
Сканерді Halyk Bank-тің POS-терминалына бағыттап, төлем экранындағы QR-кодты сканерлеңіз. Содан кейін «Төлеу» батырмасын басып, төлемді растаңыз.
Дайын!
Пайдалы материалдар
Kcell және Activ арқылы төлем жасау бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары сілтемелерде берілген.
Wooppay техникалық қолдау қызметі (сәйкестендіру бойынша сұрақтар)
- Telegram – t.me/wooppay_support
- E-mail – support@wooppay.com
- Сайттағы онлайн-чат – Wooppay.com
