- Қанша тұрады?
- Виза алу
- Сапарға дайындық
- Тұрғын үй (қонақүйлер)
- Дәмханалар мен тағамдар
- Жапонияда не көруге болады?
- Шопинг
- Үйге не алып келуге болады?
- Төлем жасау жолдары
- Сапарда не қажет болмады?
- Кішігірім кеңестер.
Екі гайдтағы ақпаратты да міндетті түрде оқып шығыңыздар, онда қонақүйлердің атаулары мен басқа да көптеген пайдалы мәліметтер бар.
Туристік сапарға арналған құжаттар тізімі:
- Визалық сауалнама (2 дана)
- Шетелдік төлқұжат + көшірмесі
- Сапар шығындарын өтеу мүмкіндігін растайтын құжат
- Сапар бағдарламасы (Travel Itinerary)
- Әуе билеттерінің броньдары
- Сенімхат (құжаттарды сенімді тұлға арқылы тапсырған жағдайда)
Шотта қанша сома болуы керектігін елшілікте айтпайды. Данат өз тәжірибесіне сүйеніп, шамамен 2 млн теңге көрсеткен дұрыс деп кеңес береді. Дегенмен, сома неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Әсіресе туристік маусымның қызған шағында бағалардың бәрі қымбаттайды, сондықтан елшілік «сапарға қаражат жеткіліксіз» деп санап, виза бермей қоюы мүмкін.
- Құжаттарды Жапония елшілігіне мына мекенжай бойынша тапсыруға болады: Астана қ., Чубары шағын ауданы, Космонавтов көшесі, 62, 5-қабат. Құжаттарды қабылдау уақыты: 9:30-дан 12:00-ге дейін, тірі кезекпен.
- Виза тегін, құжат тапсырғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
- Визаны алғаннан кейін сізге 90 күндік «дәліз» беріледі, осы уақыт аралығында Жапонияға баруыңыз керек. Бірақ Жапонияда виза бойынша 15 күннен артық болуға болмайды.
Науқандар кезінде өте арзан билеттер кездеседі, мысалы барып-қайту әуебилетін 150 мың ₸-ге алуға болады. Оларды Freedom Travel және Aviasales арқылы іздеген ыңғайлы. Егер жолыңыз болып, мұндай билет тапсаңыз, Жапонияға саяхат айтарлықтай үнемді болуы мүмкін. Сонымен қатар, билет сатып алғаныңыз үшін кешбэк алуға болады: толығырақ.
K-ETA бойынша нұсқаулықты әріптестеріміздің сілтемесінен немесе ресми сайттан оқуға болады. Сондай-ақ, бейненұсқаулық та бар.
Кеңес: Егер интернет бәрін нұсқаулық бойынша жасасаңыз да істемесе, мына жолмен тексеріңіз: баптаулар — ұялы байланыс — сатып алынған eSIM нөмірі — роумингті қосу (iPhone-да осылай қосылады).
Біз сакура гүлдеген кезде (наурыз-сәуір) бардық, бұл уақытта ауа райы құбылмалы болды. Сондықтан «қабаттап» киінген дұрыс: қажет кезде тез шешіп не киіп алуға ыңғайлы. Мысалы, таңертең күрте, жемпір, бас киіммен шықсаңыз, бірнеше сағаттан кейін жейдемен ғана жүре аласыз.
Tax Free жүйесіндегі өзгерістер:
2026 жылдың 1 қарашасынан бастап бажсыз сауда жүйесі өзгереді. Енді 10%-дық тұтыну салығы сатып алу кезінде бірден төленеді, ал қаражатты қайтару үшін ұшар алдында өтінім беруі керек. Tax Free үйге пошта арқылы жіберілетін тауарларға қолданылмайды – оларды кеденде жеке көрсету қажет болады.
Достарыңыз бен әріптестеріңізге сыйлық алу үшін де сол жерге барыңыздар. Сыйлықтың ең танымал әрі қызықты түрі – ерекше дәмдері бар жапондық KitKat.