Мақала мазмұны:
- Әлеуметтік картаны кім аша алады
- Freedom SuperApp-тың жаңа пайдаланушылары әлеуметтік картаны қалай ашады
- Қосымшаны қолданып жүрген пайдаланушылар әлеуметтік картаны қалай ашады
- Әлеуметтік карта бойынша қандай кешбэк беріледі
- 2000₸ сәлемдесу кешбэгін қалай алуға болады
- Зейнетақы картасын қалай толықтыруға болады
- Әлеуметтік карта бойынша аударымдар мен ақша шешіп алу шектері
- Кешбэк үшін салық төлеу керек пе
- Freedom SuperApp-тағы мүмкіндіктер мен бонустар туралы қайдан оқуға болады
https://freedombank.onelink.me/WNLd/otkbqvau
Егер әлеуметтік картаны ашу туралы ұсыныс автоматты түрде шықпаса, оны «Менің банкім» → «Карта ашу» → «Әлеуметтік карта» бөлімі арқылы өзіңіз аша аласыз. Бұл туралы төменде, «Егер сіз Freedom-ды қолданып жүрген клиенті болсаңыз» бөлімінде толығырақ жазамыз.
Әлеуметтік карта бойынша жоғарылатылған кешбэктің қалай жұмыс істейтінін төменде түсіндіреміз. Толық ақпарат алу үшін бұл бөлімді міндетті түрде оқып шығыңыз.
Егер қандай да бір себеппен тіркелу кезінде әлеуметтік картаңыз бірден ашылмаса, осы нұсқаулықты пайдалана аласыз.
Егер бұған дейін төлемдерді басқа банктегі шотқа алып жүрген болсаңыз, Freedom-ға ауысқаннан кейін ескі шотты өзіңіз жауып тастай аласыз (соның ішінде ХҚКО арқылы да). Немесе, мысалы, Kaspi-дегі шот бір жыл бойы пайдаланылмаса, автоматты түрде өзі жабылады.
Мысалы, алғашқы зейнетақы қыркүйекте түссе, жоғарылатылған кешбэк қазан айынан бастап жұмыс істей бастайды.
Адалдық бағдарламасы мен кешбэк деңгейлері туралы толық ақпаратты 👉 біздің гайдттан оқуға болады.
Назар аударыңыз: тек зейнетақы картасын ғана толықтыруға болады. Алимент пен жәрдемақы алуға арналған карталарды өзіңіз толықтыра алмайсыз. Сондықтан оларға тиісті төлемдердің түсуін күту керек болады.
Бірақ сіз әрқашан Super Card-ыңызды толтырып, пайдалана аласыз. Онымен жасалған төлемдерге адалдық бағдарламасындағы деңгейіңізге байланысты 6%-ға дейінгі стандартты кешбэк және Freedom экожүйесінде жоғарылатылған кешбэк есептеледі. Super Card-ты комиссиясыз қалай толтыруға болады? Оқу.
Толықтырудың барлық тәсілдері «Freedom карталарын комиссиясыз қалай толықтыруға болады?» бөлімінде толық жазылған.
Сондай-ақ басқа шоттарыңызға тыйым салынған болса да, жәрдемақы мен алимент алуға арналған әлеуметтік картаны шығарып, пайдалануға болады. Бірақ зейнетақы карталарына қолдануға болмайды.
Егер сіз Freedom SuperApp-тың жаңа пайдаланушысы болып, картаны жаңадан ашқаннан соң мына нәрселерді білгіңіз келсе:
- сатып алулар үшін 6% кешбэкті қалай алуға болатынын және адалдық бағдарламасындағы деңгейлер туралы;
- олардың экожүйесінде қандай қызметтер мен бонустар барын (мысалы, күнделікті азық-түлікті 25%-ға дейін кешбэкпен сатып алуға болады);
- Super Card-тың мүмкіндіктерін және оның неге депозит сияқты жұмыс істейтінін;
- Freedom валютасы деген не екенін және ол қалай қосымша табыс әкеле алатынын;
- және неге көп адам Freedom SuperApp-қа ауысып жатқанын;
Міндетті түрде біздің Freedom бойынша толыққанды 👉 гайдымызды оқып шығыңыз.