1 маусымнан бастап Forte-де бонустық бағдарлама шарттары өзгерді. Енді ай сайынғы бонус санаттары үш топқа бөлінеді: барлық клиенттерге қолжетімді санаттар, жалақы жобасының клиенттеріне арналған санаттар және Forte Solo карта иелеріне арналған санаттар.
Forte Blue және Black карталары бойынша таңдауға болатын 2 бонустық санат бар. Егер сіз осы картаға жалақы алсаңыз, онда 3 санат таңдауға болады. Ал егер сізде премиалды Forte Solo картасы болса, онда сіз үшін 5 санат қолжетімді. 1,5 млн ₸-ден жоғары депозиті бар жалақы жобасының клиенттері қосымша 1% кэшбэк алады – бұл бонус барлық таңдалған санаттармен қосылады.
Қыркүйек айында таңдауға болатын санаттар (2-ден 5-ке дейін):
Forte Market: 20% (ForteApp қосымшасы арқылы төлем жасағанда)
Барлық сатып алуға бонус: 0,5% (интернет сатып алулар және Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay немесе QR арқылы төлемдер)
Жалақы жобасының клиенттері мен Forte Solo карта иелері үшін қосымша: • Коммуналдық қызметтер, интернет және теледидар – 5% (ForteApp қосымшасында төлеген кезде) • Дәріхана:Forte Solo карталарының иелеріне – 5% (MCC 5122, 5912) •Жанармай құю бекеттері – Forte Solo картасы барларға - 5%, жалақы жобасының клиенттері үшін - 3%(MCC 5172, 5541, 5542, 5983, 5552)
Шарттары: бонус пайыздары, егер басқа ақпарат көрсетілмесе, Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR арқылы жанасусыз төлем жасаған кезде беріледі. Бонустар транзакция өңделгеннен кейін есептеледі (әдетте 4 күнге дейін). 1 транзакция бойынша бонустарға шектеу жоқ. Айына бонустардың ең төменгі сомасы бекітілмеген. Күнтізбелік айдағы ең жоғары бонус көлемі – 30 000Б. Бір күнде –10 000Б-тан аспауы керек. Бір санат аясындағы бонустар шегі – 20 000Б. Бонустарды жұмсау үшін картада оң теңгерім болуы қажет. Бонустардың қолданылу мерзімі шектелмеген.
Forte Blue және Black карталарына қысқаша шолу: карталар қызмет көрсетудің бірінші жылында тегін, сосын картаның виртуалды немесе пластик екеніне қарамастан, жылына 2000₸. Егер сіз банк арқылы жалақы алатын клиент болсаңыз, қызмет көрсетуі тегін.
Forte Solo – банк шарттарын орындаған жағдайда тегін қолдануға болатын премиалды карта. Бұл картамен жоғары бонустық 5 санатты таңдауға болады. Бонустардың айлық шегі – 100 000Б.
Сонымен қатар банкте ақылы Forte+ жазылымы пайда болды. Ол арқылы Forte App қосымшасында төлем жасағанда коммуналдық қызметтерге – 5%, автотұрақтарға – 5%, ұялы байланысқа – 5%, қоғамдық көлікке – 10% жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, Forte Market-тегі жеңілдіктер де осы жазылымға кіреді. Жазылым құны – айына 2499₸. Толығырақ.