Тиімді Қазақстан

Жолдағы шұңқырға e-Otinish арқылы қалай шағым түсіруге болады?

e-Otinish сервисіне кіріңіз.
Авторизациядан өтіп, басты беттегі «Өтініш беру» бөліміне өтіңіз.

Ары қарай:

• «Мемлекеттік орган» – жергілікті органды таңдайсыз, мысалы: «Алматы қаласы әкімінің аппараты»;
• «Мәселенің мән-жайын сипаттау» – жағдай туралы кемінде 100 таңбадан тұратын мәтін жазу қажет. Мәселені егжей-тегжейлі сипаттаңыз (шұңқырдың өлшемін және егер оқиға орын алса, көлікке келтірілген зақым жайлы);
• «Картада көрсету» – жолдың зақымдалған жерін таңдаңыз;
«Файлдар» – шұңқырдың фотосуреттерін тіркеу керек (25 данаға дейін, жалпы көлемі 150 Мб аспауы тиіс);
• «Нақты мекенжайы» – өзіңіздің тұрғылықты мекенжайыңызды енгізіңіз.
• Барлық қажетті жолақтарды толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» түймесін басыңыз.
Өтініштің мәртебесін «Менің өтініштерім» бөлімінен бақылауға болады. Жауап беру мерзімі – 15 жұмыс күні. Шағымдар бойынша мерзім 30 жұмыс күні немесе одан да көп болуы мүмкін.

eGov Mobile қосымшасы арқылы өтініш беру үшін:

• Авторизациядан өтіңіз (немесе бұрын пайдаланбаған болсаңыз, тіркеліңіз. Нұсқаулық).
• Басты беттегі «Қызметтер» бөлімінен eOtinish-ті таңдаңыз
• «Өтініш беру» батырмасын басыңыз
• Әрі қарай барлық қадамдар компьютердегідей (жоғарыдан қараңыз).
Өтініштің мәртебесін «Менің өтініштерім» бөлімінен бақылауға болады.
Дереккөз: Kolesa.kz, Tengrinews.kz, Nur.kz
Made on
Tilda