Мақала мазмұны:
- Білім беру депозиттері дегеніміз не және олар қалай жұмыс істейді?
- Банктер қандай шарттар ұсынады?
- Сақтандыру компаниялары қандай шарттар ұсынады?
- Білгеніңіз жөн маңызды тұстары
- Нені таңдаған дұрыс, Aqyl немесе кәдімгі сақтандыру полисі?
- Қорытынды
Мысалы: білім беру депозитіне жылына 1 миллион ₸ сала алсаңыз, онда банктен 14,1% және мемлекеттен 5% сыйақы алу арқылы, 12 айдан кейін салымыңызға 191 мың ₸ пайыз қосылады: банктен 141 мың және мемлекеттен 50 мың.
Оқырманымыз 2020 жылы осындай жағдайға тап болған: «Біз аталмыш депозитке сонау 2015 жылы банктердің біріне ақша салғанбыз, ол кезде банк басқаша аталатын. Қызым Астанадағы колледжге оқуға түсті. Ақшамызды әрең алдық. 1,5 ай жүгірдік. Сансыз құжат жинатты. Депозитті толық берген жоқ, 9000₸ көлеміндегі төмендетілмейтін қалдық қалдыруға тура келді. Оны қашан толық алуға болады деген сұрағымызға жауап ала алмадық. Банк қызметкерлері аударым кезінде қатты қиналды, қайта-қайта біреулерге хабарласып, кеңесіп жатты. Себебі депозит танымал болмағандықтан, бұрын мұндай жағдайларға тап болып көрмеген болып шықты.
Бізден қосымша: бұл бағдарлама соңғы жылдары белсенді түрде жүргізілуде, сондықтан бюрократиялық тұрғыдан алғанда жағдай бұрынғыдан жақсаруы керек.