Тиімді Қазақстан

Alatau City Bank картасы бойынша бонустар туралы толық ақпарат

Бұл мақала 2026 жылдың 1 қыркүйегінде жаңартылды.
1 қыркүйекте екі еселенген бонустар «Балаларға арналған тауарлар» (40%) және «Білім» (10%) санаттарындағы сатып алуларға есептеледі.
«Балаларға арналған тауарлар» санаты бойынша бонустар қай дүкендерде есептелетінін мына кестеден көруге болады.

27 қыркүйекте екі еселенген бонустар «Фитнес және SPA» (10%) және «Киім және аяқ киім» (6%) санаттарындағы сатып алуларға есептеледі.
Қосымшада бұл санаттарды таңдаудың қажеті жоқ – қалауыңыз бойынша басқа санаттарды таңдай аласыз. Екі еселенген бонус тек осы күндері есептеледі. Қандай MCC кодтары сәйкес келетінін мына жерден көруге болады.
Ай сайын өзіңіз таңдай алатын тұрақты жоғарылатылған кешбэк санаттары (1-ден 4 санатқа дейін):
  • Онлайн кино және музыка – 15% (Netflix, Kinopoisk, Яндекс Музыка, Megogo, ivi, Spotify).
  • Такси – 7%.
  • Саяхат – 3% (барлық әуе компаниялар, турагенттіктер, сондай-ақ теміржол билеттеріне).
  • Киім және аяқ киім – 3%.
  • Медициналық қызметтер – 5% (тіс емдеу, ауруханалар, медициналық орталықтар, емханалар және зертханалар).
  • Білім – 5% (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер, университеттер және білім беру ұйымдары).
  • Жиһаз – 5% (жиһаз және үйге қажетті заттар сататын дүкендер).
  • Дәмханалар мен мейрамханалар – 3% (офлайн нүктелерде).
  • Балаларға арналған тауарлар – 20% («Детский Мир» де кіреді).
  • Фитнес және SPA – 5%.
  • Ойын қызметтері – 3% (барлық ұялы қосымшаларда, онлайн ойындарда және цифрлық дүкендерде, соның ішінде Steam-де).
  • Маркетплейстер – 3%.
Егер жалақы жобасының қатысушысы болсаңыз, таңдауға болатын қосымша санаттар:
  • Сұлулық салондары мен косметика – 5% (барлық сұлулық салондарында, парфюмерия дүкендерінде және шаштараздарда).
  • Жанармай құю бекеттері – 5%.
  • Супермаркеттер – 3%.

Көрсетілген санаттарға қандай MCC кодтары кіретінін мына жерден көруге болады.
MCC код деген не? Оқу.
«Балаларға арналған тауарлар» және «Онлайн кино және музыка» санаттары бойынша кешбэк есептелетін біздің кестелер
Шарттары: кешбэк төлем жасалғаннан кейін 3-4 күн ішінде есептеледі. Шектеу - бір транзакция үшін 10 мың бонустан аспауы керек. Күнтізбелік айдағы бонустардың шекті саны бонус деңгейіне байланысты: Silver — 15 000Б, Gold & Family — 25 000Б, Premium — 40 000Б.
Ай сайынғы карта арқылы жұмсайтын шығыныңыз бен депозитіңіздің болуына байланысты үш деңгей бар, ол туралы толығырақ сілтемеде.
Alatau City Bank картасына қысқаша шолу: виртуалды карта толығымен тегін және Alatau City Bank қосымшасында шығарылады. Пластик нұсқасын бөлімшелерден барып ашу керек, қызмет көрсетудің бірінші жылы тегін, содан кейін айына 200₸.
Егжей-тегжейлі шолу сілтемеде.
Alatau City Bank байланыс - 7711.
Комиссиясыз толтыру нұсқаулығы 👉 сілтемеде ( 2, 4, 5, 10 әдістерін қараңыз)
Made on
Tilda